Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында жауын-шашын салдарынан болатын су көлдеудің алдын-алу мақсатында ирригациялық арықтардың санын арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Аудан аумағында ағымдағы жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырымға ирригациялық арықтар салу жоспарланған. Қазіргі уақытта 10 мекенжайда 2,6 шақырымында тиісті жұмыстар аяқталған. Қалған 4 орында жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, ирригациялық арықтар орнату жұмыстарын мердігер мекеме "Impuls" ЖШС-і атқаруда.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы