Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Ж.Әлімбетов көшесі 45 Б үй ауласында кезекті абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде, спорт алаңшасымен қатар егде жастағы тұрғындар үшін де воркаут аймағы орналастырылған.
Сондай-ақ, жыл басынан бері аудан аумағында біршама балалар алаңшасы күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа алаңшалар ашылып тұрғындарға пайдалануға берілді.
Айта кетейік, абаттандыру жұмыстары жүргізілген аула былтыр қолданысқа берілген.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы