Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды

Қысқаша

Daryn Online платформасы жаңа жобаны қолға алды

20.12.2021 күні “Қадам Инвест” бизнес орталығында “Daryn Online” республикалық білім беру платформасының ұйымдастыруымен “Orda & Ninety One. Эксклюзивті онлайн концерт” атты баспасөз жиыны өтті.  image.png

Шараға JUZ Entertainment басшысы, продюссер Ерболат Беделхан, Daryn Online білім беру платформасының негізін қалаушы Айбек Қуатбай, тележурналист Асхат Садырбай қатысты.  

Желтоқсан айының басында Daryn online білім беру платформасы Ninety One тобымен бірлесе отырып “DARN” әнін жазып, бейнеклипін жариялады. Туынды жастарды дамуға, өздеріне сенуге шақырады. Коллаборациясының мақсаты — өскелең ұрпақты жігерлендіру, құндылықтарды ұмытпау.  

- “Daryn online-мен бірге жұмыс жасамас бұрын ұзақ зерттедім. Өте үлкен аудиториясы бар, еліміздегі алдыңғы қатарлы IT-компаниялардың бірі. Одан бөлек құндылықтарымыз да ортақ екен. Ол — қазақша контентті экпорттау, әлемдік нарыққа шығу, ұлтқа қызмет ету. Онлайн концерт жасайық деген ұсыныс та біздің тарапымыздан болды” - деді Ninety One тобының продюссері Ерболат Беделхан өз сөзінде.  

Ninety One тобының Orda-мен бірге өткізетін еліміздегі соңғы концерті 26-желтоқсанда оффлайн және онлайн форматта болады. Онлайн форматта тұңғыш рет Daryn online компаниясымен бірлесе отырып, арнайы juz.daryn.online платформасында өтеді.  

- “Шет елде онлайн концерт көру мәдениеті жақсы қалыптасқан. Біздің мақсат — сол мәдениетті Қазақстанда қалыптастырып, IT-техникалық деңгейімізді шет елге көрсету. Себебі қазірдің өзінде онлайн-концертке билет алғандардың 15%-ы Филиппин, Малайзия, Белоруссия және Индонезиялықтар. Бастамамыз ізгі жалғасын табады деген ниеттемін” - деді Daryn online білім беру платформасының негізін қалаушы Айбек Қуатбай.  

Жиында қазақша контенттің келешегі мен әлемдік өнер нарығына ену жайлы идеялар мен мәселелер қозғалды. Ninety One тобының АҚШ-қа кетуі жайлы да айтылды.  

- “Біз мұнда жылы төсегіміз де қала берсек болады. Бірақ біз олай дами алмаймыз, әлемдік нарыққа ене алмаймыз, қазақ өнерін экспорттай алмаймыз. Қазірге таңда еліңді, ұлтыңды жарнамалап, танытудың басты қаруы — музыка. Ендеше сол музыка құдіретімен құндылықтарымызды көтеріп әрі көрсете білуіміз тиіс” — деп Ерболат Беделхан өз сөзін қорытындылады.