Балаларға арналған ашық есік күні өтті

Қысқаша

Балаларға арналған ашық есік күні өтті



Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында балаларға арналған ашық есік күні «Асар» шағын ауданында орналасқан Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында ұйымдастырылды. 

image.png

Таңғы сағат 9.00-ден  бастап 14.00 аралығында  дәрігерлер жас пациенттерді қабылдап, кеңес берді.  Қаралуға келген балалардың  көңіл-күйін көтеру үшін арнайы аниматорлар мен ертегі кейіпкерлері шақыртылған. Көңілдері көтерілген балалар аналарымен бейінді мамандардың қабылдауында болып, УДЗ мен зертханалық тексерулерден өтті. 

Ашық есік күні жалпы 150 ден астам бала қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандарының, яғни,   эпилептолог, нефролог, кардиолог, травматолог дәрігерлерінің қабылдауында болып, диагностикалық және зертханалық тексерулерден өтті. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы