Тігіншілік кәсібін меңгерген аналарға сертификат табысталды

Қысқаша

Тігіншілік кәсібін меңгерген аналарға сертификат табысталды

Screenshot_9.jpg

11 желтоқсан күні Шымкент қаласында «Бақытты жанұя» орталығында 45 күндік тігін курсын оқып, жаңа мамандық меңгеріп шыққан 8 көпбалалы аналарға салтанатты түрде сертификаттар табысталды. Олар тігіншілік курсты оқып, алдағы уақытта мемлекетке алақан жаймай өз нәпақаларын таппақ. Өз кезегінде бұл да сол отбасының әлеуметтік жағдайының жақсаруына зор әсер етеді. 

Оқу курсы «Ізгілікте жарысайық» қорымен бірлесе жүргізіліп, аталған үкіметтік емес ұйымның 4 жылдық мерейтой кешінде тігіншілеріміз арнайы концертке қатысып, ортада марапатталды. Сахнаға  тігінші келіншектер өздері тіккен ұлттық нақыштағы камзолдарымен шығып, өз қолдарынан шыққан өнімдерін көпшілікке таныстырды. Түрлі киім үлгілерін пішіп, тігуді меңгеріп шыққан аналар балаларына, отбасыларына арнап барлық киімдерді тігуді меңгеріп шыққандарын көрсетіп, кішігірім көрме ұйымдастырды.

«Балық берме қармақ бер» деген нақыл сөздің соқпағымен көпбалалы аналарға келешекте осы игерген кәсіптерін өз үйінде отырып та жалғастыруға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде олар отбасын асырап, қоғамға өлшеусіз пайдасын тигізеді.