Шымкент: Шетелдік жұмыс күшін тартуға 322 бірлік квота бөлінді

Қысқаша

Шымкент: Шетелдік жұмыс күшін тартуға 322 бірлік квота бөлінді



Шымкент қаласында қазіргі уақытта еңбек ету үшін жұмыс берушіге рұқсат етілген 232 шетел азаматы тіркелген.

image.png

Биылғы жылдың қараша айында жұмыс ұсынушыларға шетелдік бағыт бойынша жұмыс күшін тартуға 322 квота бөлінді. Нәтижесінде 28 кәсіпорын мен ұйымдарда 232 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен жұмыс атқаруда. Бұл өз кезегінде жергілікті жұмысшылар мен шетелдік жұмысшылар арасында тәжірибе алмасуды болдырып, жұмысшылардың біліктігін арттыруға зор мүмкіндік береді.

Шетел азаматтарына жұмыс жасау уақыты мен жұмыс істеуге рұқсат берудің шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің 4 түрлі санаты белгіленді. Олар:

1. басшылар және олардың орынбасарлары (9 адам)

2. екінші санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары (32 адам)

3. мамандар (270 адам), төртінші санат – білікті жұмысшылар (11 адам)

4. білікті жұмысшылар (11 адам).

Жыл басынан бері шетел күшін тартуға рұқсат бергені және ұзартқаны үшін бюджетке 119,0 млн теңге түскен.

Айта кету керек, шетел күшін тартқан жұмыс берушілер салық төлейтін болады. Сондай-ақ, жыл басынан бері шетел күшін тартуға рұқсат бергені және ұзартқаны үшін бюджетке 119,0 млн теңге түскен.