Сәуле және Бадам тұрғындары 100 пайыз сапалы интернет желісімен қамтылатын болады

Қысқаша

Сәуле және Бадам тұрғындары 100 пайыз сапалы интернет желісімен қамтылатын болады



Жыл соңына дейін Шымкент қалалық цифрландыру басқарамасы жеке инвесторлар тарту арқылы 12000 нан астам халқы бар Сәуле және Бадам тұрғын алабтарына оптикалық желі арқылы таратылатын сапалы интернетпен 100 пайыз қамтамасыз етілді. 

image.png

Қазіргі таңда «СпецавтоматикаСервис» ЖШС Сәуле, Бадам-1 және Қарабастау шағын аудандарының  орталық  көшелеріне ұзындығы 20 шаршы метрді қамтитын абоненттік кабель тартылды. 

Жыл соңына дейін барлық көшелерге талшықты оптика желісі тартылып, тұрғындарды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасалатын болады. 

Бүгінгі таңда орталық көшелердегі 100 ден астам үй 200 Мбит/сек жылдамдықта тарайтын талшықты оптика желісіне қосылды.  Тұрғындар кең жолақты интернетке қосылу үшін нақты өтінімдер беруі қажет. 

Сәуле, Бадам және Қарабастау шағын аудандарында сапалы интернет тарату бойынша соңғы жұмыстарды атқарып жатқан компания келесі 2022 жылдың қаңтар айынан бастап  Қазығұрт, Құрсай және Забадам елді мекендеріне 100% талшықты оптика желісін жүргізу жұмыстарын жоспарлауда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы