Тұрғын үйді басқарудың жаңа түрі ашықтықты қамтамасыз етеді

Қысқаша

Тұрғын үйді басқарудың жаңа түрі ашықтықты қамтамасыз етеді



2020 жылдан бастап Қазақстанда тұрғын үйді басқарудың нысандары өзгерді. Пәтер иелері кооперативтері (ПИК) орнына тұрғын үйді басқарудың жаңа формалары енгізілді. Яғни, ПИК-ті (КСК) мүлік иелері бірлестігі (МИБ - ОСИ) алмастырды. 

image.png

Осы  орайда тұрғындардың барлығы ортақ үйлерін күтімге алып, жанашырлық танытуы тиіс. Шахар тұрғындарына бұл тұрғыдан қолдау көрсетіліпте келді. Атап айтқанда бұрынғы КСК-нің орнына мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) ұғымы қолданысқа енгізіліп, көп пәтерлі үйлер бүгінде  жаңа формамен басқарылуда. 

Жаңа басқару формасының артықшылығы, мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестіктің тұрғындар үшін тиімді жағы – көп қабатты үйге қатысты қандай жұмыс істелгені, қандай сервистік мекемелердің қызметін тұтынғаны ашық көрінеді. Әр үйдің өз есеп-шоты болады, тұрғындар жинаған қаржыны өздері мақсатты түрде жұмсай алады. Жиналған қаржыны қайда жұмсағанын ревизиялық комиссиямен бірге бақылауға болады, сосын жұмыс нәтижесі бойынша тұрғындарға есеп беріледі. МИБ құрылса, ауладағы қоқысты тазарту, қар тазалау немесе жөндеу жүргізу секілді жұмыстардың қалай атқарылып жатқаны бақылауда болмақ. Есепті басқарушы береді. Ай сайын жұмысты атқарған мекеме-фирмаларға қызмет ақысы банк арқылы төленеді. 

Ол үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері жалпы кездесу өткізіп, ортақ мүлікті басқару және күтіп-ұстау бойынша өз мүдделерін қорғайтын үй кеңесінің мүшелерін сайлайды. Кондоминиум объектісін басқару нысаны немесе басқару формасын таңдау үшін осындай өкілетті үй кеңесіне береді. Содан кейін үйді басқарудың екі формасының бірін таңдау қажет:

* Мүлік иелерінің бірлестігі – тұрғын емес үй-жайдағы пәтер иелері құрған заңды тұлға;

* Жай серіктестік – заңды тұлға құрмай, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың барлық иелерін тікелей бірлесіп басқару.

Тұрғындар одан әрі МИБ (ЖС) төрағасын, тексеру комиссиясының құрамын сайлайды. Айта кетейік, бірлестік төрағасы комиссияға мүше бола алмайды. Ағымдағы шоттағы қаржы күнделікті жұмыстарға жұмсалса, жинақтау шотындағы қаржы арқылы кейін төмен пайызбен қомақты қаржы несиеге алып, мысалы, үйді толық жөндеуге, шатырын ауыстыруға жұмсауға болады. 

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша  2 коммуналдық көпқабатты тұрғын үйде МИБ құрылып, 15 коммуналдық көпқабатты тұрғын үйде МИБ құру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттары дайындалуда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы