Қызылжарда жаңа емхана салынуда

Қысқаша

Айта кетейік, емхана құрылысы үшін мұнда 2 га жер телімі бөлінген. Нысан 23 мың адамға арналған. Бір ауысымда 500 адам қабылдауға қауқарлы.

Screenshot_1.png

Үшінші мегаполисте соңғы жылдары қаражатын елге қажетті нысандарды салып отырған инвесторлар көбеюде. Айталық мектеп, медицина мекемесі, спорт алаңшалары, балалар ойын алаңшалары т.б.

   Таяуда инвесторлардың көмегімен Шымқалада тағы бір емхана бой көтермек. Қызылжар шағын аудандағы №9 емхананың бүгінде тозығы әбден жеткен. Әрі мұндағы 65 мың тұрғынға емдеу мекемесі тарлық етеді. Жаңа емхананың қажеттілігі туралы жергілікті тұрғындар қала әкіміне жеткізген болатын. Енді міне, бұл мәселе инвестордың көмегімен шешімін тауып отыр. 

  "Қазіргі емханамыз өте ескі әрі тар. Сталинның заманында салынған. Елдімекенге жаңа, заманауи, сапалы қызмет көрсететін емхана қажеттілігі қатты сезілді. Сөйтіп міне, енді қазір жаңа емхананың құрылысы бастау алды. Тұрғындардың қауанышында шек жоқ. Қала әкімі бір халыққа ескі емхананың орнына заманауи спорт кешенін ашылатындығы туралы уәде беріп еді. Таяу арада мұнда су жаға емхана әрі спорт кешені ел игілігіне берілгелі тұр. Шаһар басшысы мен халық мұқтаж болып отырған емхананың іргетасын қалағалы отырған инвесторға барлық тұрғындардың атынан алғыс білдіремін",- дейді елді мекен тұрғыны, ақсақал жақсылық Елтаев. 

   Айта кетейік, емхана құрылысы үшін мұнда 2 га жер телімі бөлінген. Нысан 23 мың адамға арналған. Бір  ауысымда 500 адам қабылдауға қауқарлы. 


    A+
Уақыты: 2021-11-15  Айдарша: Өңір
TAG: