Инвестиция тарту бойынша көш басында келеміз

Қысқаша

Есепті кезеңде елімізде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Шымкент қаласында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға артқан.

Screenshot_5.png

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылуы және Ұлттық халық санағының қорытындылары жария етілді.

10 айдағы әлеуметтік экономикалқ даму көрсеткіштерді баяндаған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ішкі және сыртқы инвестициялар тартуда оң өсім бар екенін атап өтті. Республикада биылғы он айда өндіруші емес салалар бойынша инвестиция өсімі 14,0 пайызға артып отыр.

Шымкент қаласы инвестициялар тарту бойынша өңірлер арасында алғашқы орында келеді. Қаламызда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту көрсеткіші 41,2 пайызға артқан.

Қаламызда тұрақты және сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуде инвестициялар тарту бойынша белсенді және мақсатты жұмыстар жалғасын табатын болады. Өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласында жоспарланған өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, инфляцияға қарсы шаралар кешені тиімді жүзеге асырылады. Халықты вакцинациялау және кәсіпкерлікті қолдау шараларын тиімді іске асырылып, шикізаттық емес экспортқа кешенді түрде қолдау көрсетіледі.

Өткен он айдың қорытындысы бойынша құрылыс саласында да оң өсім сақталып отыр. Шымкент қаласында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға пайызға өскен.

Есепті кезеңде елімізде 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Шымкент қаласында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23,7 пайызға артқан.

Ә.Ерғалиев 7 негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша оң өсу Алматы, Жамбыл облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалғанын атап өтті.


    A+
Уақыты: 2021-11-10  Айдарша: Өңір
TAG: