Шымкентте үш магистралды суаққының құрылысы аяқталды. Бүгінде аталған нысандарда құбырларды жуып-шаю және жалпы тексеру жұмыстары жүргізілуде.
4,48 шақырымдық, 9,37 және 10,61 шақырымдық магистралды суаққылардың құрылыс жұмыстары 2020-2021 жылдың мамыр, маусым айында басталған. Қазіргі таңда құрылысы толығымен аяқталды.
Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету әкімдіктің басты міндеттерінің бірі. Қала әкімі М.Әйтенов тиісті сала басшыларына бұл бағыттағы жүргізілген жұмыстарға күнделікті жүйелі түрде мониторинг жасауды тапсырған болатын.
Аталған магистралды құбырлардың тексеру жұмыстары аяқталғанда 100 мыңнан аса адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Нәтижесінде Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке-20 жыл және Көкбұлақ тұрғын алабына ауыз су кезең-кезеңмен беріле бастайды.