«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттарын түсіндіру бойынша онлайн вебинар өтті

Қысқаша

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттарын түсіндіру бойынша онлайн вебинар өтті



Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары Ішкі саясат басқармаларының басшылары, өңірлік жобалық кеңсе қызметкерлеріне «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының бағыттары жəне іске асыру тетіктерін түсіндіру бойынша онлайн вебинар өткізді.

image.png

Жобаның негізгі мақсаты –  ұлттық мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Ұлттық жобаның бірінші бағыты «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту» бағыты. Екінші «Ел Рухы» бағыты – мәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру. Үшінші. «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты.

- «Ел рухы» бағыты бойынша ауқымды іс-шалар көзделген. Қазақ анимациясы  (анимациялық фильмдер өндірісі) жобасы аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Өзбекстан Республикасы кинематография агенттігімен және «Базелевс» кинокомпаниясымен Ташкент халықаралық кинофестивалінде «Қожа Насреддин» анимациялық фильмін жасау бойынша меморандумға қол қойды. Бұл жоба өзін-өзі ақтайтын анимациялық студиялардың өңірлік желісін құруға бағытталған, оның шеңберінде Ресей (Пермь студиясы және Татарстан студиясы), Өзбекстан (кинематография агенттігі) және Қазақстан (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) серіктестерімен «Animation School» оқыту орталығын ашу жоспарлануда, - деді Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өкілі А.Серікбаева.

Qazaqfilm (онлайн кинотеатр құру) жобасы аясында бүгінгі таңда Terraline компаниясымен бірлесіп «100% қазақша» пилоттық жобасы іске қосылды, оның шеңберінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған 100 фильм BeeTV платформасында орналастырылды. Сондай-ақ, толық сипаттамасы бар фильмдер тізілімін дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Отандық алтын мұрағат жобасы аясында, Отандық Алтын мұра жобасы шеңберінде «Белые столбы» Госфильмо фондымен фильмнен 30 киножобаны цифрландыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

- Біз айтқан ұлттық жоба – нақты міндеттерден, нақты көрсеткіштерден тұратын стратегиялық құжат.  «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты бойынша бір қатар жобалар қарастырылған,  2025 жылға дейін жастарды тұрғын үй жинақтау жүйесімен қамту, тұрғын үй құрылысы бағдарламаларына жас отбасылар үшін квота енгізу, жастардың әлеуметтік қызметтерімен, жаңа стартап-жобалармен қамту мәселелері көзделген, - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Баймульдинов.