Сарыағаш аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Тілдерді оқыту және дамыту . орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандық тілдерді оқыту орталығының базасында "СөйлеTime" клубы салтанатты түрде ашылды.
Аталған іс-шараға ауданымыздың ерікті өзге ұлт өкілдері, мемлекеттік тілді үйренуге тілек білдірген аудан тұрғындары қатысты. Орталықтың директоры А.Кенжебаева аталған іс-шара барысында еркін форматта тілді үйрететін аудандық "СөйлеTime" клубының атқаратын қызметтері мен іс-тәжірибесі туралы насихат жұмыстарын жүргізді. «СөйлеТime» клуб мүшелері өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, тіл үйрету курстарының жандануына үлес қосатындарын атап өтті.
Айта кетері, жуырда халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
-Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсінуі қажет. Біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз. Адамды тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге, біреудің намысына тиюге жол бермейміз, заң бойынша жауапқа тартамыз. Конституцияға қайшы мұндай жауапсыз қадамдар еліміздің негізгі мүдделеріне зиян келтіреді. Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді,-деп атап өткен болатын.