Тарихи нысандарды көздің қарашығындай сақтау керек

Қысқаша

Ал, екі күн бойы мегаполистегі құнды нысандармен танысқан қонақтар «Шымкент өткен дәуірде Ұлы Жібек жолының бойындағы қала ретінде танылса, бүгінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолында орналасуымен құнды.» - екендігі айтты.

Screenshot_16.png

Екі күнге созылған «Ұлы Жібек жолы тарихындағы Шымкенттің ЮНЕСКО-ның мәдени мұра жүйесіндегі орны мен рөлі» халықаралық кездесуі өз мәресіне жетті. Қорытынды жиында сарапшылар үшінші мегаполис аумағындағы нысандарды ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу бойынша ойларын ортаға салды. Халықаралық жиынның екінші күні Ферғана-Сырдария сегментіндегі көп ұлтты Жібек жолы номинациясының сарапшылары Шымкенттегі нысандар бойынша өз ойларымен бөлісті.

"Шымкент - ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы орны ерек, мәртебесі биік шаһарлардың бірі. Қалада қаншама ғасырлар сақталған тарих, көне мұралар сақталған. Сондықтан мұндағы нысандар ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енуге әбден лайықты және енуі тиіс",- дейді Қызғыз Ұлттық ілімдері академиясы тарих, археология және этнология институтының өкілі Бақыт Аманбаева.

Жиын барысында қаламыздағы объектілерді халықаралық деңгейдегі беделді тізімге енгізу бойынша сарапшылар тарапынан ұсыныстар жасалды. Дегенмен, қорытынды шешім әлі де мамандар арасында талқыға түспек. Ал, екі күн бойы мегаполистегі құнды нысандармен танысқан қонақтар «Шымкент өткен дәуірде Ұлы Жібек жолының бойындағы қала ретінде танылса, бүгінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолында орналасуымен құнды.» - екендігі айтты.  


    A+
Уақыты: 2021-10-26  Айдарша: Өңір
TAG: