Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай шаһарда «Тәуелсіздік жылдарындағы Құрметті азаматтар» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының жобасы.
Еңбегі сіңген тұлғалардың жеке кітаптары, жобалары мен фотолары қойылды. Өмірбаяндарынан құжаттамалары қойылды. Айта кетейік, Тәуелсіздік алғаннан бері 139 жергілікті азаматтар мен азаматшаларға құрметті азамат атағы беріліпті. Олардың еңбегі мен құжаттарына қаралған. Іс-шараға басты қонақ етіліп, Шымкент қаласының құрметті азаматтары шақырылды. Арнайы сұхбат өрбіді. Оларадың ішінде білім саласының үздігі Набира Жүзбаева да бар. Мінберде сөз алған ардагер ұстаз өмірде өз түйгендерімен ой бөлісті. Болашақтың жарқын болуы үшін жастарға бағыт-бағдар берді. "Ата-бабамыз қорғап кеткен жерге ие болуымыз керек дейді ардагер-ұстаз.
"1967 жылдан бері 145 жанға құрметті азамат атағы берілген. Біздің мамандар қазіргі таңда осы 145 азаматтың өмірбаянын, бұл атақ оларға не үшін берілгенін зерттеп, суреттерін жинақтап жатыр. Бұл жинақ баспанаға беріліп қойды. Жақын араға кітаптың тұсаукесерін өткізетін боламыз",- дейді Шымкент қалалық мемлекеттік архивтің директоры Айпар Амангелдиева.