«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы басталды

Қысқаша

Байқаудың ережесіне сәйкес қатысушылар «Едіге батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, 6-10 сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. 1-ші орын иеленген жеңімпаз оқушы

Screenshot_6.png

Шымкент қаласындағы Қаратау дәстүрлі  өнер мектебінде «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы бастау алды.  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсаты «Qazaq Epos» ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру. Сондай-ақ ықылым заманнан бері келе жатқан жыршылық дәстүрді қайта жандандыру,  жастардың жадында  жаңғырту. Ең бастысы, ұлттық тәрбие мен тұнық тарихымыз арқылы өскелең ұрпақтың санасына патриоттық сезімді сіңдіріп, эпостық жырларға деген қызығушылығын арттырды.

Байқау Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің 6-10 сынып оқушыларының арасында өткізілуде. Байқаудың ережесіне сәйкес қатысушылар «Едіге батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, 6-10 сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. 1-ші орын иеленген жеңімпаз оқушы  республикалық байқауға жолдама алады.


    A+
Уақыты: 2021-10-29  Айдарша: Өңір
TAG: