Шымкентте Халықаралық бағытта 4 әуе қатынасы жүруде

Қысқаша

Шымкентте Халықаралық бағытта 4 әуе қатынасы жүруде



Қазіргі таңда Шымкент қаласында Халықаралық бағытта 4 әуе қатынасы жүзеге асырылған. Атап айтқанда, Стамбул, Мәскеу, Кутаиси және Шарджа қалаларына жолаушылар тікелей қона алады. Еліміздің үшінші мегаполисінде Халықаралық бағыттардан бөлек Қазақстанның өзге өңірлерімен де тікелей байланыс бар. Ішкі туризмді дамыту мақсатында 8 өңірмен, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Орал және Семей қалаларымен тікелей әуе қатынасы бар.  

image.png

Шымкент қаласына келушілер шаһардағы саябақ, мұражай, тарихи орындар сынды 100-ге жуық туристік нысанды тамашалай алады. Ол үшін Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы тарапынан 17 туристік маршрут әзірленген. Маршрут арқылы келген туристер еш кедергісіз барып, уақытты тиімді пайдаланып  әрі өздері білетін тілде ақпарат алуына болады. Сонымен қатар, оңтүстіктің туризмі бастау алатын тірек туристік нүктесі Сайрам тұрғын алабында республикалық маңызы бар Қазақстанның Сакралды географиясына енген Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелері мен Мәртөбе кешені секілді 7 киелі нысанды көріп, тарихымен таныса алады. Айта кетерлігі, былтыр бұл туристік нысандарда ақпараттық қолжетімділікті арттыру мақсатында 3 тілдегі QR-төлқұжаттар мен навигациялық стелалар орнатылған болатын.

Жалпы, бүгінде Шымкент қаласында тұрғындар мен туристер үшін 125 орналастыру орны, 1216 тамақтану орны, 87 туристік ұйым қызмет көрсетуде. Жыл соңына дейін қалаға келушілер санын 300 мыңнан асыру жоспарланып, қала экономикасына түсетін табыс көлемін екі есеге арттыру көзделген. 

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының баспасөз қызметі