Шымкентте су қоймалары мен каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мәлімдеді. Қазіргі таңда қалада 34 канал болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын – 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылатын – 7 канал бар. Сонымен қатар 4 су қоймасы бар. 2 су қоймасы (Тоғыс, Бадам) «ҚазСушар» РМК меншігінде, 2 су қоймасы (Текесу, Ақжар) басқарманың теңгерімінде.
Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайтын 3 каналға (Көк, Сайрам су, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылды. Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында алдағы 4 жылда жалпы ұзындығы 95,74 шақырымды құрайтын 22 каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жоспарлануда.
Шымкент Келбеті