Назарбаев Сапарбаевқа алғыс білдірді

Қысқаша

Назарбаев Сапарбаевқа алғыс білдірді

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Назарбаев пен Бердібек.png

Кездесуде Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Б.Сапарбаевқа "Қамқорлық" бастамасын қолдап, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында оңалту орталығын ашқаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге инвестиция тарту жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады.