Қазір Арсен Сексенбаевты достары мен таныстары құттықтап жатыр. Ол жеңісі жайлы жақындарынан біліпті. Енді дизайнер алдын ала жасалған келісімшарттың шарттарымен танысып жатыр. "Шартта көрсетілген талаптардың бірі бойынша мен АҚШ-қа өзім көшіп барамын. Отбасымды ешкім шақырмайды. Бұл үш жылға жасалған келісімшарттық жұмыс болады", - дейді Сексенбаев. Айта кетейік, NASA байқауына әлемнен барлығы 100-ден аса адам қатысты. Байқау талаптары бойынша, авторлар эскиздерінде барынша аз заттар қолданып, шығармашылық фантазияларын көрсетуі керек болатын. Кейінірек ол жұмыстарды онлайн қорғап, комиссия жеңімпазды анықтауы тиіс еді. Үш жеңімпаз анықталды - Англиядан келген Хью Тернер, ойындарға анимациялар ойлап табатын қытайлық Ли Хон Вы мен біздің отандасымыз Арсен Сексенбаев.