Президент өзінің халыққа арнаған 2018 жылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын қолдау шаралары мемлекеттік саясаттың басымдығына айналу қажеттігін айтқан еді.
«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.
Көп өтпей 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы Президент Жарлығы шықты.