«Оқиға өткен түні Бурабай ауданының Ұрымқай ауылында орын алған. Бұл туралы аудандық ТЖБ кезекшілік бөліміне түнгі сағат 01:23 жедел ақпарат түсті. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында 1961 жылғы əйел мен 1970 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазір кезде осы оқиғаға байланысты барлық материалдар ПД жолданды», - деп түсіндірді Ақмола облысының ТЖД қызметкері Думан Дəлешов. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт төсекте темекі шеккеннен шыққан жəне көз жұмғандар - әпкесі мен інісі болып шықты.