Бұған қоса, NCOC Қарағанды облысы әкімдігімен жергілікті құрам мәселелері бойынша серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Құжаттарға қол қою рәсімі салтанатты түрде «Сарыарқа» ЕЭА аумағында өтті. Кездесуге Қарағанды облысының әкімі Алмас Айдаров, «NADLoC жергілікті құрамды дамыту бойынша Ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Арыстанов қатысты.
«Бүгін біз үшін шын мәнінде атаулы күн – тек Қарағандыдағы зауыт үшін ғана емес, BÖHMER GmbH компаниясы үшін де. Бұл оқиға сіздердің тарихқа міндетті түрде кіретін болады. Неміс инвесторларының қатысуымен Қарағанды облысында зауытты іске қосқанымызға 4 жылдан асты. Ал бүгінде міне, мұнайгаз компаниясымен біз үшін өте маңызды келісімшартқа отырып жатымыз», - деді «Бёмер Арматурен Казахстан» ЖШС бас директоры Андреас Кефер.
Келісімшарт бойынша Қарағандыда өндірілетін 225 шарлық крандар жеткізілуі тиіс. Аталмыш жабдық Қашаған кен орнындағы нысандарда және 2019-шы жылы мұнай зауытын жөндеу кезінде қолданылатын болады.
Бизнесмен бұл оқиға бір мезгілде эволюциялық және революциялық деп санайды. Кәсіпорын жаңа технологиялық деңгейге жетіп, осы секілді тапсырыстың арқасында өздеріне тұрақтылықты қамтамасыз етті. Осыған дейін зауытта технологиялық аудит өткізілген болатын.
Шет елдік инвесторлардың қатысуымен салынған зауытта жуырда ғана технологиялық өнімдерді өткізетін нарық жеткіліксіз болғандықтан қиындықтар байқалған еді. Бұл мәселені жергілікті билік өкілдері мен республикалық органдардың көмегімен бірлесіп шешу жолдары іздестірілді.
Ірі мұнай газ компаниясының серіктесі болуға көптеген кәсіпорындар талпынады, жәнеде әлемдік өнім өндірушілермен бәсекелестікке түсуге тура келеді. Себебі бәсте үлкен сомалар тұрады. Тек 2017-ші жылдың өзінде ғана Солтүстік-Каспий жобасының шеңберінде 328 млн АҚШ долларына жергілікті тауарлар, қызметтер мен жұмыстар сатып алынған. Ал 2004-ші жылдан бастап, бұл сомалар 13 млрд АҚШ долларынан асады.
NCOC басқарушы директорының орынбасары Жақып Марабаевтың айтуынша, жабдықтарды жеткізу бойынша өтетін әрбір тендерге 45-50 компания қатысады.
«Қарағанды облысы – өнеркәсіптік аймақ және біз осыған дейін сәйкесінше бағалай алмаған әлеуетке ие. Енді, сіздердің аймақтарыңыздың индустриалды дамуына біз де қатысамыз деп ойлаймын», - деді ол.
Алмас Айдаров мұнай газ компаниясына аймағымыздың басқа да өнім өндірушілерінің мүмкіндіктерін зерттеп шығуды ұсынды. Ол 2018-ші жылдың қорытындысына сай облыс жергілікті құрам бойынша 104 млрд теңге көрсеткішіне шығуды жоспарлап отырғанын айтты.