Семейде қатты жел: мектеп оқушыларына сабақ болмайды

Қысқаша

«Семей. Жел жылдамдығы – 20 м/с. Екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

184.jpg«Семей. Жел жылдамдығы – 20 м/с. Екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Жақында «Қазгидромет» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с жететінін ескерткен болатын.

Жексенбі күні ШҚО-да жауын-шашын болады. Таулы аймақтарда жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.