Оқушыларға нақты діни ақпараттар ұсынылды

Қысқаша

Бұрын халық ақпаратты іздеп жүріп оқыды. Мысалы, дүңгіршектен газет-журнал сатып алды, почта арқылы жазылды. Кітапхана барып кітап алды. Яғни, ақпарат ол кезде аз еді. Сол себепті, жұрт оны өзі іздейтін.

169.jpgБұрын халық ақпаратты іздеп жүріп оқыды. Мысалы, дүңгіршектен газет-журнал сатып алды, почта арқылы жазылды. Кітапхана барып кітап алды. Яғни, ақпарат ол кезде аз еді. Сол себепті, жұрт оны өзі іздейтін. Және бір айта кетерлігі, газет-журналға жазылған ақпараттар редактор тексеруінен өтетін. Сондықтан жұртқа жалған, «қоқыс» ақпараттар тарамады. Ал, бүгінде интернет заманында ақпарат ағыны мол. Мұнда ешкім редакторлық жасамайды. Осының салдарынан түрлі жалған, экстремистік, қоқыс ақпараттар кеңістікті жаулап алды. Өз кезегінде бұл ақпараттап жастардың санасын улап, оларды теріс жолға итермелеуде. Соның айқын дәлелі – дін жолында шет елге кетіп қалған қандастар. Әрине, олар өз еріктерімен онда барған жоқ. Оларды алдап-сулап жіберді. Егер олар діни сауатты болғанда мұндайға жол бермес еді. 

Осыған орай, елімізде арнайы мамандар мұның алдын-алып, жастарға діни білім беріп, олардың базалық діни білімдерін қалыптастырып жатыр. Жақында Түркістан облысы Дін істері басқармасының "Дін мəселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Сайрам ауданы Ақсукент, Манкент, Көлкент ауыл округтеріне қарасты жалпы білім беру мектептерінде "Жастар жадына ғаламтор жау" тақырыбында кездесулер болды. Кездесуді аталмыш орталықтың теолог маманы Медет Халықов жүргізді. Кездесуде мектеп оқушылары теолог маманнан діни экстремистер адамдарды қалай арбайтыны, өз құрықтарына қалай түсіретіні жөнінде сұрақ қойды. М.Халықов миссионерлердің әдіс-тәсілдерін айтып, олардан қорғану жолдарын түсіндірді.

Бұл жиындарда оқушылар нақты әрі қысқа һәм нұсқа ақпараттар алып, оны жадтарында сақтап қалды.  Жиынның маңызы зор болды.