Шыбықты қалай қарай исең, солай өседі

Қысқаша

Ең ерме халық – әлі кәмелет жасына толмаған мектеп оқушылары екені баршаға аян. Жас шыбықты қалай қарай исең солай өседі демекші, балаларға қандай білім берсеңіз, олар соны санасына сіңіріп алып, оны ешқашан жадынан шығармайды.

165.jpgЕң ерме халық – әлі кәмелет жасына толмаған мектеп оқушылары екені баршаға аян. Жас шыбықты қалай қарай исең солай өседі демекші, балаларға қандай білім берсеңіз, олар соны санасына сіңіріп алып, оны ешқашан жадынан шығармайды. Сол себепті, қазіргі діни экстремизм мен терроризм қаупі дендеп тұрған заманда баланы кереғар діни ағымдардан сақтандырып, оларға дәстүрлі дінді насихаттаған абзал.

Осыған орай, жақында Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық түсіндірме топ мүшелері Шардара қаласындағы №16 колледж, Шардара мектеп лицейі, М.Қалмырзаев атындағы №3 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты, және М.Әуезов атындағы №1 ж/о мектептерінің жоғарғы сынып оқушылыры, арасында «Жастар жадына-ғаламтор жау» және «Дін және зайырлы қоғам» тақырыптарында кездесулер өткізілді. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, Д.Байбеков еліміздің Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» деп атай келе, дін мемлекетіміздің рухани тірегі, дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. 

Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының басты бағыттарына шолу жасап, түсінік беріп өтті. 

Ал, Түркістан облысы «Дін мәселелерінің зерттеу орталығы» МКМ маманы Б.Темірханов қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбейуіне байланысты кейбір жастарымыздың діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде айтып берді. Керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндіріп, ҚМДБ-ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті.