Қазығұртта заманауи білім беретін IT сынып ашылды

Қысқаша

Қазіргі жаңа технологияар заманына ілесу – басты назарда. Заманнан қалып кетуге болмайды. Жаңа өсіп келе келе жас өскіндер соңғы жаңалықтардан, соңғы білімнен құр қалмай, оны меңгеріп алғандары жөн.

162.jpgҚазіргі жаңа технологияар заманына ілесу – басты назарда. Заманнан қалып кетуге болмайды. Жаңа өсіп келе келе жас өскіндер соңғы жаңалықтардан, соңғы білімнен құр қалмай, оны меңгеріп алғандары жөн. 

ОСыған орай, жақында Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында орналасқан, Ащыбұлақ жалпы орта мектебінің базасында, Қазығұрт ауданы бойынша баламасыз болып табылатын алғашқы IT-сыныптың есігі ашылды. Аудан үшін айрықша маңызға ие болған ауқымды да айтулы іс-шараға, «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы Саяси кеңес мүшесі, аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов, «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан бастаған бір топ басшылар және мектеп оқушылары қатысты. 

Арнайы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясы тарапынан балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашу және IT-мамандар даярлау ісі қолға алынған. Бұл жоба аясында еліміз бойынша 1000 ІТ-сынып ашылып, онда жылына 8-16 жас аралығындағы 150 мың бала бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында тереңдетілген білім алуы жоспарланған. «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын іске асыру мақсатындағы желілік кестесі бойынша биылғы 2018 жылы Қазығұрт ауданында 1 IT-сынып ашу жоспарланған. Осы Ащыбұлақ мектебінің базасында ашылып отырған ІТ-сынып 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған. Мұнда барлық құрал-жабдық, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, сыныпта оқушылардың сабақ оқуы және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу үстелдері, құрал-жабдықтары толықтай орнатылған.

Іс-шара барысында, ІТ-сыныптың жұмысымен, Ащыбұлақ жалпы орта мектебінің директоры Н.Ерназаров және IT-сынып мұғалімі С.Бекназаров жан-жақты таныстырып, түсіндірді.