Медициналық қызмет сапасы артып келеді

Қысқаша

Медицина ауыл-аймақ, аудандарда дамытқан аса маңызды. Себебі, ауырып, мазасы болмаған адам облыс орталығына жеткенше, денсаулығына зақым келуі мүмкін. Оларды мейлінше жақын жердегі емхана, ауруханаларға жеткізген абзал.

152.jpgМедицина ауыл-аймақ, аудандарда дамытқан аса маңызды. Себебі, ауырып, мазасы болмаған адам облыс орталығына жеткенше, денсаулығына зақым келуі мүмкін. Оларды мейлінше жақын жердегі емхана, ауруханаларға жеткізген абзал. Сонда науқастың денсаулығын реттеп, өмірін сақтап қалу мүмкіндігі артады. Осыған орай, жақында Түркістан облысының әкімі Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына арнайы келді. 200 мыңға жуық тұрғынға медициналық қызмет көрсететін аурухана еліміздегі ең соңғы үлгідегі компьютерлік томография кешенін іске қосып, су жаңа 3 жедел-жәрдем көлігін сыйға тартты. Инсультті орталықтың ашылу салтанатында өңір басшысы: 

– Елбасы аудан, ауылдардың дамуына көп көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының қолдауымен елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға барлық мүмкіндіктер жасалуда. Денсаулық сақтау саласына қыруар қаржы бөлініп, бұрын-соңды болмаған медициналық құрылғылар сатып алынып жатыр. Бүгін міне, компьютерлік томография аппаратының іске қосылуына куә болып тұрмыз. Облыс орталығында жол қуаты күшті мұндай кешенді құрылғыны неге Сарыағашта орнаттық? Өйткені, біріншіден, Сарыағаш облысымызда тұрғыны көп аудан. Екіншіден, шекаралық аймақ. Шекара асқан шетелдіктер, саяхатшылар ең алдымен сіздерді көреді. Сіздерге қарап, еліміздің әлеуметтік жағдайына баға береді. Мұндағы отызға жуық шипажайға шетелдіктер де аз келмейді. Пациентке уақтылы жетіп, дәрігерлік алғашқы көмек көрсету – маңызды іс, - деп ауруханаға не себепті көліктер табыстап, инсульт орталығын қосқанын түсіндіре кетті. 

Облыс әкімдігінің қолдауымен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына былтыр жалпы саны 209 медициналық аппарат сатып алынды. Биыл енді іске қосылған компьютерлік томография кешенінен бөлек, заманға сай толық жабдықталған операция үстелі, радиография рентген жүйесі, мобильдік рентген жүйесі, лор-комбайн аппараттары мен жасанд тыныс алдыру кешені орнатылып, ел игілігіне қызмет етуде.