Мұғалімдер жұмысқа электронды жүйе арқылы орналасады

Қысқаша

Сыбайлас жемқорлық күресте жаңа технологияның алар орны ерекше. Санды технология бүкіл қызметтік процесті мөлдір етіп, өзгелерге айнадай етіп көрсетеді. Осының нәтижесінде көлеңкелі әрекеттерге нүкте қойылып, қылмысқа жол берілмейді.

147.jpgСыбайлас жемқорлық күресте жаңа технологияның алар орны ерекше. Санды технология бүкіл қызметтік процесті мөлдір етіп, өзгелерге айнадай етіп көрсетеді. Осының нәтижесінде көлеңкелі әрекеттерге нүкте қойылып, қылмысқа жол берілмейді. Бұл әсіресе «бармақ басты, көз қысты» қағидасымен іске асатын сыбайлас жемқорлықты болдырмауда зор жемісін беріп келеді. 

Бүгінде жаңа технология Түркістан облысындағы білім беру мекемелеріне енгізіліп, нақты көрсеткіштерке қол жеткізіп отыр. Облыстық білім басқармасы тарапынан сыбайластықтың алдын алуға бағытталған облыстық деңгейде тиісті жұмыстар атқарылуда. Басқарма басшысы И.Сағындықовтың айтуынша, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қою процессін автоматтандыру қолға алынып, бүгінгі күнге 481 мекеме немесе барлық 1368 мектепке дейінгі мекемелердің 35 пайызы осы жүйемен жұмыс жүргізуде. Жыл соңына дейін balabaqsha.sitcen.kz порталына балабақшалардың 100 пайызын қосу жоспарлануда. Жүйе қызметімен бүгінде 12 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға орналасқан. Барлығы ешқандай тамыр-таныссыз, парасыз, заң шеңберінде шешілді. Ата-ана тарапынан ешқандай шағым жоқ.

Сонымен қатар, облыстың 902 (100%) мектебінде jumys.sitcen.kz жүйесі ендірілген. Бүгінге дейін аталған жүйе қызметі арқылы 933 бос жұмыс орын жарияланып, 321 адам жұмысқа орналасқан. Аталған жүйенің арқасында мектепке ақша беріп орналасу, таныс салу секілді варварлық іс-әрекеттерге нүкте қойылып, мұғалім мектепке өз білімінің арқасында орналасады. Нәтижесінде, бұл жүйе қоғамды өркениетке жетелейді.