Түркістанның дамуы Елбасының назарында

Қысқаша

Бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Түркістан қаласындағы ресми жұмыс сапары барысында көптеген шаруалардың басы қайрылды. Ең алдымен қаланың даму жоспарымен танысып, Қ.А.Ясауи кесенесін аралаған Елбасы облыс активінде Түркістан қаласын дамыту бойынша к

139.jpegБүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Түркістан қаласындағы ресми жұмыс сапары барысында көптеген шаруалардың басы қайрылды. Ең алдымен қаланың даму жоспарымен танысып, Қ.А.Ясауи кесенесін аралаған Елбасы облыс активінде Түркістан қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді. Жиында Елбасы:

- Бүгін еліміздің тарихында бір елеулі уақытта кездесіп отырмыз. Жаңадан Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алды. Түркістанның дамуы, болашағы қалай болады деген сұрақ бойынша әңгімелесеміз. Біріншіден, менің тапсырмам бойынша арнайы үкіметтік комиссия құрылып, жұмыс істеді, - деп, сол комиссия басшысының есебін тыңдады. Елбасыға Түркістан қаласын дамыту жөніндегі жоспарын баяндаған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Бас жоспарға лайық үздік жоба анықталғанын мәлімдеді.

Мәжілісте Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстың дамуы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде баяндама жасады:

- Мемлекеттік органдарды жайғастыру үшін Түркістан қаласынан қажетті 25 ғимарат белгіленді Тұрғын үй мәселесін шұғыл шешу үшін жергілікті бюджет есебінен Түркістан және Кентау қалаларында 1 956 пәтерлі 33 тұрғын үйдің (122 мың шаршы метр)  құрылысын бастап кеттік. Бүгінде Түркістан қаласын дамыту, туристік әлеуетін көтеру бағытында кешенді іс-шаралар қолға алынып, отандық және шетелдік кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесін беріп жатыр, - деген өңір басшысы кешегі өткен халықаралық форумда 1,7 млрд. теңгенің меморандмына қол қойылғанын айтты. 

Түймебаевты мұқият тыңдаған Елбасы өңірде көлік-логистика қызметін дамытып, туризмге серпін беру керектігін нығарлап айтты.