Қазіргі жастар – жаңа иехнологиялар заманында өмір сүреді. Сондықтан да, оларға ақпарат беруде заманауи әдіс-тәсілдерді қолданған абзал. Тек, форум, тек семинар дәрістер емес, сонымен қатар флэшмоб өткізген эффективті әсерін береді.
Осыған орай, жақында Түркістан облысы дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен қыркүйек айының 26 жұлдызы күні Шымкент қаласы "Жастар" аллеясында белсенді жастардың қатысуымен «Біз экстремизм мен терроризмге қарсымыз» тақырыбында эстафеталық флэшмоб өтті. Облыс жастары жиналған бұл флэшмоб кең ауқымда өтті.
Іс-шара барысында спорт шеберлері, қоғамдағы белсенді жастар экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зардаптарын айта отырып, зайырлы қоғамның жастары екенін көрсете білді. Жастар өздерінің ойларын айтып лаңкестік іс-әрекетке қарсылықтарын білдірді. Іс-шараның тақырыбын ашу мақсатында «Ақ пен қара» атты діни танымдық, жан жылытар, тәрбиелік маңызы зор театрландырылған көрініс көрсетілді. Сөз соңында "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің директоры А.Ноғаев жастарды діни сергек болуға шақыра отырып, интернет ресурстарындағы діни сипаттағы діни материалдарды жүйелі пайдалану қажет екендігін айтты. Орынсыз, жүйесіз әлеуметтік желілерде діни материалдарды пайдалану, сақтау қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын ерекше атап өтті. Жастарды зайырлы қоғамда зайырлы тұлға болуға шақырды.
Және де «Біз жастар діни экстремизмге қарсымыз!» атты эстафеталық флэшмоб Түркістан облысы аудандарының белсенді жастарына жолданды.