Ағайын тату болса ас көп

Қысқаша

Қазақстан көпвекторлы саясатты ұстанады. Мемлекет басшысы әрқашанда көршілес мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынаста болу керектігін жиі ескертеді. Себебі, досы көпті жау алмайды. Осыған орай, әрбір өңір шекаралас елдермен жиі барыс-келіс жасап тұрғаны абза

117.jpgҚазақстан көпвекторлы саясатты ұстанады. Мемлекет басшысы әрқашанда көршілес мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынаста болу керектігін жиі ескертеді. Себебі, досы көпті жау алмайды. Осыған орай, әрбір өңір шекаралас елдермен жиі барыс-келіс жасап тұрғаны абзал. «Ағайын тату болса ас көп» демекші, көршілер арасындағы татулық – берекенің бастауы болары анық.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған мерекелік шара аясында Өзбекстан Республикасынан келген делегация өкілдерімен және ҚР Парламенті депутаттарымен кездесті.

Басқосуда облыс әкімі Өзбекстаннан келген қонақтарға екі бауырлас елдер арасындағы рухани, мәдени, экономикалық байланыстардың нығая түсетінін жеткізді.

- Ежелден туыстас қазақ пен өзбек жұрты Тұранды мекен етіп, қиыншылықты да, қуанышты да бірге көрді. Біздің тарихи тағдырымыз да, арман-мұратымыз да ортақ. Туыстығымыз тіл жақындығынан тамыр тартып, дәстүрімізбен жалғасып, салт-санамызбен қабысып жатыр. Бауырлас өзбек халқы іргелес жатқан қоңсы ғана емес, етжақын ағайын халық. Баршаңызға мәлім, соңғы 1,5 жылдың ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында достық байланыстар бекіп, жаңа деңгейге көтерілді. Теміржол тасымалы 44 пайызға артып, тауар айналымы 2 миллиард долларға жетті. Тәуелсіздік жылдарында егіздің сыңарындай болған елдердің басшылары талай толымды кездесулер өткізіп, бауырластықтың бүтіндігін, көршілік байланыстың кемелдігін көрсетті. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-экономикалық байланыстарды нығайту Сіз бен бізге жүктеліп отырған асыл міндет, - деді Жансейіт Түймебаев.

Өзбекстаннан келген делегация атынан Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісінің депутаты Расул Кушербаев облыс басшылығына өзбек халқының ұлттық құндылықтарын ұлықтауға арналған айтулы шараны қолға алып жатқанына алғыс білдірді.