Бірлесе атқарылған жұмыс өнімді

Қысқаша

Қазіргі ақпарат ағыны тез тарайтын технологиялар заманында – теріс ақпаратпен күресу оңай шаруа болмай тұр. Себебі, барлық баланың қолында – интернетке қосылған телефон. Осының салдарынан балалар қалағанын көре алады.

95.jpgҚазіргі ақпарат ағыны тез тарайтын технологиялар заманында – теріс ақпаратпен күресу оңай шаруа болмай тұр. Себебі, барлық баланың қолында – интернетке қосылған телефон. Осының салдарынан балалар қалағанын көре алады. Осы жерде олар теріс діни ағымды жарнамалайтын ақпараттар тап болып, соның жетегінде кетіп қалу қаупі басым. Осыған байланысты, елімізде көптеген көзқарасы кереғар діни сайттарды жауып, ел ішінде теріс діни ағымның алдын-алу жөнінде іс-шаралар өтуде.  

Жақында Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының орынбасары, бірінші наиб муфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлы іс-сапармен Сарыағаш ауданына келді. Негізгі мақсат – өңірдің діни ахуалымен танысу, кереғар діни ағымдардың зияндылығы, қауіп-қатері жөнінде ескертіп, тұрғындарға тура жол сілтеу болды. 

Аудан әкімінің қабылдауында болған өкіл имам қазіргі таңдағы өңірдегі дін саласында болып жатқан мәселелерге тоқталып, олардың шешімін табу жолында бірлесіп жұмыс істеу керектігіне тоқталды. 

- Дін - адамзат тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы бұлыңғыр, деді аудан әкімі Қайрат Амангелдіұлы. 

Кездесу барысында аудан әкімі мен өкіл имам аудандағы діни ахуалды талқылап, оның шешу жолдарын қарастырды. Бұл кездесу нәтижелі болды.