Ауыл шаруашылығымен озған Түркістан

Қысқаша

Жазы ыстық, қысы жылы. Жанға жайлы. Әрине, бұл Түркістан өңірінің табиғатына тән ауа-райы. Мұндай ауа-райы ауыл шаруашылығы үшін өте тиімді. Сондықтан осы салаға барынша көңіл бөлу керек.

79.jpgЖазы ыстық, қысы жылы. Жанға жайлы. Әрине, бұл Түркістан өңірінің табиғатына тән ауа-райы. Мұндай ауа-райы ауыл шаруашылығы үшін өте тиімді. Сондықтан осы салаға барынша көңіл бөлу керек.

Бүгін Түркістан облысы әкімдігі аппаратында өткен мәжілісте өңір басшысы Ж.Түймебаев ауыл шаруашылығы саласына кеңінен тоқталды.

Аталған сала жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Бадырақов баяндады. Оның айтуынша, биыл өңірде  егіс көлемі 807 мың гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда (2017 ж. – 798,4 мың га) 9,0 мың гектарға артты.

Көкөніс, картоп, бақша дақылынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Ағымдағы жылы 6,9 мың гектарға тамшылатып суғару әдісін енгізу тапсырмасы беріліп, 92%-ға (6,4 мың гектар) ендірілді. Жалпы көлемі – 64,3 мың гектарға жетті.

Биыл қаңтар-тамыз айлары арасында Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 249 998,2 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңінің деңгейінен 3,4%-ға жоғары. 

Жиында облыс әкімі Ж.Түймебаев ауыл шаруашылығын жетекші салалардың бірі ретінде дамытып, көрсеткіштерді жақсарту, шаруашылықпен айналысатын азаматтарға қолдауды күшейту жөнінде тапсырма берді.