Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қатысты заңдарға өзгерістер енгізіледі

Қысқаша

Республикалық маңызы бар жаңа қала Шымкент пен Түркістан облысының құрылуына байланысты бірқатар заңға өзгерістер енгізілмек

213.jpgМәжіліс «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ҚР-ның əкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарауға алды.

«Бұл заң жобасы елімізде республикалық маңызы бар жаңа қала Шымкент пен Түркістан облысының құрылуын көздейтін ҚР Президентінің 2018 жылғы 19-шы маусымдағы Жарлығын орындау мақсатында əзірленді. Осыған орай, нормаларды əкімшілік-аумақтық құрылымның өзгерістеріне сəйкес келтіруге бағытталған 11 кодекс жəне 35 заңға түзетулер енгізіледі. Комитет бұл заң жобасын жұмысқа алуға дайын», - деді Заңнама жəне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Əбдіров.

Шымкент республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгерді жəне оның əкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға көшірілді. Осыған орай, «ҚР-дағы сайлау туралы» жəне «ҚР сот жүйесі мен судьялардың мəртебесі туралы» конституциялық заңдардың жекелеген нормалары əкімшілік-аумақтық құрылымның өзгерістеріне сəйкес келтірілмек.

Депутаттар бұл заң жобасына да қолдау білдіріп, екі заңды да қарауға алды.