Түркістанда түрлі ұлт өкілдерінің татулығы паш етілді

Қысқаша

Көпвекторлы саясатты ұстанатын Қазақстан үшін ұлттар арасындағы бірлік - ең маңызды мәселе. Себебі, Қазақстан 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады. Барлық ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрса, мемлекет алмайтын қамал болмайды.

70.jpgКөпвекторлы саясатты ұстанатын Қазақстан үшін ұлттар арасындағы бірлік - ең маңызды мәселе. Себебі, Қазақстан 130-дан аса ұлт өкілдері тұрады. Барлық ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрса, мемлекет алмайтын қамал болмайды. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, ұлттық қод сынды бастамаларға қолдау көрсету керектігін айтқан болатын.

Елбасы тапсырмасына орай, бүгін Түркістан қаласында Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік шарасы өтті. Мерекелік жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков:

- Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай түркі дүниесінің қарашаңырағы – Түркістанда өтіп жатқан тұңғыш облыстық тіл фестивалі құтты болсын! Түркістан – қазақ руханиятының алтын бесігі, ұлттық құндылықтардың қазыналы діңгегі. Түркістандықтар тіл мен дәстүр, тарих пен тәрбие тұрғысында байтақ Қазақстанымыздың барлығына үлгі-өнеге болуы керек, — деді ол. 

Жиын барысында өңірде тіл саясатының жүзеге асуына лайықты үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Сондай-ақ, облыстық күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы Азимбай Надиров сөз сөйлеп, түркі әлемінің мәдени-рухани астанасында қазақстандықтардың татулығын паш ететін Орталық Азияда теңдессіз көрікті «Бірлік» аркасын салуды ұсынды. Бұл өз кезегінде туристердің тамашалайтын көрікті орнына айналатындығын және бірліктің бір нышаны болатындығы жөнінде атап өтті. Тілдер мерекесінде келешекте облыс орталығында бой көтеретін «Достық» үйінің алғашқы жәдігері ретінде «Достық кілемі» сыйға тартылды. 

Қысқаша айтсақ, бұл мерекелік шарада Қазақстандаңы түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы бірлік паш етілді.