Фестиваль аясында жұрт тегін медкеңес алды

Қысқаша

Денсаулық сақтау саласы – кез-келген мемлекеттегі, жалпы қоғамдағы ең өзекті сала. Бірінші байлық – денсаулық деп те бекерге айтылмаса керек. Осыдан-ақ денсаулық ең негізгі орында екенін көруге болады.

53.jpgДенсаулық сақтау саласы – кез-келген мемлекеттегі, жалпы қоғамдағы ең өзекті сала. Бірінші байлық – денсаулық деп те бекерге айтылмаса керек. Осыдан-ақ денсаулық ең негізгі орында екенін көруге болады.

Осыған орай, Түркістан облысында «Денсаулық фестивалі» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Денсаулық  фестивалі – 2018» акциясы  өтті деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметі. Фестивальдің мақсаты — тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау болды. Іс-шара таңғы сағат 08.00-де «Дені саудың — жаны сау»  ұранымен  жаттығу жасаумен  басталады. Облыс орталығы Түркістан қаласында «Рәміздер» алаңында таңғы жаттығу өтсе, сағат 09.00-ден «Есімхан» алаңына дейін жаяу марафон өтті.

Марафонға  спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, барлық басқарма өкілдері, зейнеткерлер, спортшылар, дәрігерлер, сарбаздар, мұғалімдер, студенттер мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар, «Денсаулық — зор байлық» автошеруі де жұртшылықтың көңілін сергітті.

Фестиваль барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза сөз сөйлеп, елді спортпен шұғылдануға, денсаулығына сергек қарауға шақырды. Түркістан қаласының орта білім беретін мектептерінің оқушылары «Пайдалы  тағамдар» көрмесіне қатысып, өздері дайындаған өнімдерін алып келді. Ал, фармкомпаниялар дәрі-дәрмектерін ұсынса, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы спорттың бірнеше түрінен сайыстар ұйымдастырды.

«Медициналық  қалашықтарда»   облыс  орталығының тұрғындары мен қонақтары дәрігерлерге тегін қаралып, «денсаулық сандарын» (қандағы қант, холестерин деңгейі, АҚ деңгейі және т.б.) анықтау үшін  экспресс-анализдер тапсырды. Дәрігерлер келушілерге салауатты өмір салты ұстану бойынша кеңестерін беріп, денсаулықты сақтау әр адамның міндеті екенін жеткізді.