Сыбайлас жемқорлықтың зардабы кеңінен түсіндіріліп, оны шешу жолдары айтылды

Қысқаша

Жемқорлық – тамырға балта шабатын ауыр қасірет. Жемқорлық жайлаған жерде ешқандай өсу де, өркендеу де болмайды. Сондықтан да, жемқорлықты болдырмау керек. Жемқорлықпен күрестен бұрын оның алдын-алған абзал. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демек

43.jpgЖемқорлық – тамырға балта шабатын ауыр қасірет. Жемқорлық жайлаған жерде ешқандай өсу де, өркендеу де болмайды. Сондықтан да, жемқорлықты болдырмау керек. Жемқорлықпен күрестен бұрын оның алдын-алған абзал. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, азаматтарға сыбайлас жемқорлық дертін жұқтыртпай, таза күйінде ұстау керек.  

Осыған орай, жақында Түркістан облысы, Отырар ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мемлекеттік қызметшілермен арнайы семинар-тренинг өткізді. Семинарға аудандағы мемлекеттік мекемелер мен бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер және мектеп директорлары қатысты. Жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов жүргізіп отырды. 

Басқосуда сөз алған департамент басшысы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жиынның мән-маңызына тоқтала келе, жемқорлық пен құқық-бұзушылықты туғызатын себептер мен жағдайларды алдын алып, оларды жою, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру туралы айтты.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың адамзат баласына тигізген зардабы жайында бейнеролик көрсетілді. 

Бұл семинардың тәлімдік-тәрбиелік мәні зор болды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың залалы өте ауыр екені нақты мысалдармен түсіндірілді. Жиынға қатысушылар пікірталас ұйымдастырып, аталған семинардан зор әсер алып шықты.