"Өздеріңіз білетіндей, "7-20-25" бағдарламасы бойынша тек бірінші тұрғын үй нарығындағы, яғни жаңа баспананы сатып алуға болады. "Баспана" компаниясы осыны ескере отырып, "7-20-25" бағдарламасынан бөлек, екінші тұрғын үй нарығындағы баспананы несиелеуге бағытталған арнайы өнім əзірледі. Бұл бағдарлама "Баспана хит" деп аталады", - деді Алтынбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қайрат Алтынбеков жаңа бағдарламаның шарттарымен де таныстырды. Оның айтуынша, бастапқы жарна баспана бағасының 20 пайызынан басталады. Пайыздық мөлшерлемесі - Ұлттық банктің базалық ставкасы + 1,75 пайызды құрайды. Қазіргі таңда Ұлттық банктің базалық ставкасы - 9 пайыз. Сəйкесінше, аталған бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі 10,75 пайызды құрайтын болады. Несие мерзімі - 15 жылға дейін