Телеарна таратқан мәліметтерге қарағанда, бұл ақынның 125 жылдығына орай қолға алынған бастама.
Аудармашы профессор Рамиз Әскердің айтуынша, Мағжан туындыларының мағынасы терең әрі ұлттық ерекшелігі зор, сондай-ақ өзге ақындардан стилі бөлек болғандықтан, басқа тілге аудару қиынға соғыпты. Жинақты басып шығаруға ТҮРІКСОЙ ұйымы атсалысқан.
Әзербайжан мәдениет министрлігі қазан айында Бакуде Мағжанның 125 жылдығына арналған шара ұйымдастырмақ.
«Мағжан поэзиясының орны бөлек. Шығыс ақындарына да, еуропалықтарға да ұқсас емес. Оны футурист, имажинист деп атап жүрген. Бір жағынан дұрыс деуге болады, бірақ осымен толық келісе алмаймын. Себебі Мағжанның айрықша стилі болған. Шығарған кітабымда, сол парағында қазақша, ал оң жағында әзербайжан тілінде жазылған. Өйткені оның шығармашылығы бойынша университетте сабақ беріп жүрміз, студенттеріміз қазақша нұсқасын да көрсін»,-деді аударма авторы, профессор Рамиз Аскер.