Әкім жұмыстың жүргізілу барысын қадағалайды

Қысқаша

Кез-келген әкімнің ең негізгі міндеті – дұрыс үйлестіре, ұйымдастыра білу. Және атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, қадағалап отыру. Егер жұмыс жүрмей, мәселе туындап жатса, оны дер арада шешіп, оңтайлы әдістер қарастыру. Заманауи сөзбен айтқанда, әкім д

833.jpgКез-келген әкімнің ең негізгі міндеті – дұрыс үйлестіре, ұйымдастыра білу. Және атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, қадағалап отыру. Егер жұмыс жүрмей, мәселе туындап жатса, оны дер арада шешіп, оңтайлы әдістер қарастыру. Заманауи сөзбен айтқанда, әкім деген – менеджер болу керек.  

Осыған орай, бүгін Төлеби аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Б.Омарбековтің төрағалығымен қала, ауылдық округ әкімдері, аудан мекеме басшыларының қатысуымен аппараттық жиналыс өтті. Яғни, әкімдер осындай жиналыстар жасау арқылы жұмыстың барысымен танысады.

Сонымен, бүгінгі жиналыста күн тәртібінде 4 мәселе қарастырылды. 

Қала, ауылдық округтеріндегі тұрғын үйлердің қасбетін, қоршаулары мен шарбақтарын және заңсыз құрылыстарды ретке келтіру барысы туралы аудан әкімінің орынбасарлары С.Дүйсебаев, Ғ.Төлепов, Р.Бейсебаева және аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Қадырбеков баяндады. 

Екінші және үшінші қарастырылған мәселе – 2018 жылғы 7 айдың қорытындысымен индикаторлардың орындалуы жөнінде, аудандық бюджеттің 2018 жылғы 8 және 9 ай қорытындысымен болжамды игерілуі туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов сөз сөйледі. 

Төртінші тақырып – қала, ауылдық округтерінде абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық бойынша атқарған жұмыстары және түнгі жарық шамдарының қазіргі жағдайы туралы аудан әкімі аппаратының инспекторлары айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімімен нақты тапсырмалар беріліп, бақылауға алын