Құрбандық шалу тәртібі түсіндірілді

Қысқаша

Дәстүрлі дінде – құрбандық шалу салты бар. Бұл ешқандай да керағар діни ағымдарға қатысты емес. Десе де, құрбандықты қалай шалу керек, оның жөн-жосығы қалай? Осы жағын білмейтін кей жұрт кері діни ағымның жетегіне еріп кетіп жатады.

818.jpgДәстүрлі дінде – құрбандық шалу салты бар. Бұл ешқандай да керағар діни ағымдарға қатысты емес. Десе де, құрбандықты қалай шалу керек, оның жөн-жосығы қалай? Осы жағын білмейтін кей жұрт кері діни ағымның жетегіне еріп кетіп жатады.

Осыған орай, бүгін Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде Құрбан Айт мерекесіне дайындық барысы, осы мейрамның мән-мағынасы мен ерекшелігін түсіндіру бағытында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай қажы Өтпенов бұл мерекеде құрбандық шалу мұсылман үшін уәжіп екенін жеткізді.

- Биыл 21 тамызда таңғы сағат 7.00-де Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша  ҚМДБ-ның өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде  Айт намазы оқылады. Құрбандық шалу уақыты Құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күніне дейін жалғасады. Құрбан араб тілінде «жақындау» деген мағынаны білдіреді. Яғни, сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу деген сөз. Құрбан Айт мерекесінде әрбір мұсылман жаңа немесе ең таза киімдерін киіп, бір-біріне сыйлық сыйлап, жылы сөздер айтып, құттықтауы тиіс. Қайырымдылық жасағаны абзал  Елбасы Жарлығымен Құрбан айт еліміздегі ресми мерекелер қатарына енді. Ұлттық мерекеге айналды. Парасатты шешім ел бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосып келеді. Биыл Сауд Арабиясы патшалығынан қазақстандық 3 мың адамға қажылыққа квота берілді. Қажылыққа баратын азаматтар үшін Қазақстанның 4 қаласынан тікелей әуе рейстері қатынайды, - деді Наурызбай қажы Өтенов.

Баспасөз мәслихаты барысында Наурызбай қажы құрбандық шалу ережелерін түсіндіріп қана қоймай дін ұғымына тереңірек тоқтала өтіп, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.