"Өзгерісті өзіңнен баста"

Қысқаша

Қазақстанда соңғы жылдары болмаған, әрі үлкен серпіліс әкелген бағдарлама – ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы болды. Өткен жылдың басында Мемлекет басшысымен қоғамның көзқарасын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы жүзеге асырыла баста

815.jpgҚазақстанда соңғы жылдары болмаған, әрі үлкен серпіліс әкелген бағдарлама – ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы болды. Өткен жылдың басында Мемлекет басшысымен қоғамның көзқарасын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Осы бағдарлама аясында алты кіші бағдарламалар айқындалып, «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын үйлестіру ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүктелді.

Кіші бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениетін жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының моделін өзгерту. Бұл елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал ететіні анық. Өз кезегінде, өңірдегі қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық өкілдері тарапынан мемлекеттік қызметшілер арасынан Жобалық менеджерлердің кандидатуралы айқындалып, жобалық менеджерлерге өз құзыреттіліктерін дамыту үшін «Time management»және «Project management» тақырыптарында семинар ұйымдастырылды. Семинардың өтуіне ұйытқы болған Агенттіктің өңірдегі департаменті және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалы.

Семинар нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметшілер уақытты тиімді пайдалану және жобаларды басқару негіздерімен танысып, алған білімі мен дағдыларын өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін қолданатын болады деп күтілуде.