"Діни экстремизм - опат болудың жолы"

Қысқаша

Жамағатты теріс ағымнан арашалап алып қалудың тиімді жолы көп. Тек соның көзін таба білген жөн. Кентау қаласында тұрғындарға түсінікті болуы үшін экстремизм, терроризмнің кесірін сахналық қойылым арқылы жеткізіп жатыр

806.jpgЖамағатты теріс ағымнан арашалап алып қалудың тиімді жолы көп. Тек соның көзін таба білген жөн. Кентау қаласында тұрғындарға түсінікті болуы үшін экстремизм, терроризмнің кесірін сахналық қойылым арқылы жеткізіп жатыр.

Соңғы кездері теріс діни ағымды уағыздайтындар, экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын жəне өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тəрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осын арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда. Осы әрекетке қарсы тұру үшін, жастарды теріс түсініктен ажыратып алып, шын жолды көрсету үшін Кентаудағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының драма үйірмесінің ұйымдастыруымен өнер қайраткерлері С.Қожанов атындағы саябақтың үгіт-насихат алаңында "Діни экстремизм - опат болудың жолы" атты көріністік қойылым көрсетті. Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тəрбиеге баули отырып, халық дəстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тəрбиенің басты міндеті. Қойылымды көрген азамат осындай ой түйер еді. Өнер адамдары осыны әр азаматтың жүрегіне жеткізуге тырысты.