Қазақстанда 0,1 пайыздық несие пайда болды

Қысқаша

Әр раундтың қорытындысы бойынша келесі айдың 10-ші санынан кешіктірмей Банктің ресми сайтында акция жеңімпаздарының кредит шарттарының сәтті нөмірлері жарияланатын болады.

777.jpgӘр раундтың қорытындысы бойынша келесі айдың 10-ші санынан кешіктірмей Банктің ресми сайтында акция жеңімпаздарының кредит шарттарының сәтті нөмірлері жарияланатын болады.


Акция аясында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін аралықта Еуразиялық банкте кепілсіз қарызды ресімдеген Клиенттер 0,1% теңдессіз мөлшерлеме бойынша 96 кредитті ұтысқа қояды деп хабарлайды Naryk.kz.


Акция талаптары бойынша кредит шарты ресімделген кезде қарыз алушының байланыс ақпараттары қатысушылардың деректер базасына автоматты түрде енгізіледі. 1 шілдеден бастап әр ай сайын банк кездейсоқ сандарды анықтау бағдарламасының көмегімен 16 кредит ұтысқа салады, ұтыс жеңімпаздары жеңілдікті кредиттің иегері атанады.


Әр раундтың қорытындысы бойынша келесі айдың 10-ші санынан кешіктірмей Банктің ресми сайтында акция жеңімпаздарының кредит шарттарының сәтті нөмірлері жарияланатын болады.


«Еуразиялық банк Қазақстан нарығында аналогы болмаған бірегей өнімді қатарға қосты. Шын мәнінде Банктің акциясы кез келген клиентке іс жүзінде пайызсыз кредитті алу мүмкіндігін береді. Біз бұдан әрі де біздің клиенттерге қызықты және жаңашыл шешімдерді ұсынуды жалғастырамыз. Ағымдағы жылы біз бөлшек бизнеске барымызды салып жатырмыз және өнім ұсыныстар қатарын кеңейтуді, сондай-ақ біздің өнімдердің сапасын арттыруды және клиенттік сервисті одан әрі жақсартуды мақсат еттік»,- деп түсінік берді  «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.