Трамп Сирияға көмек беруден бас тартты

Қысқаша

Вашингтон Сириядағы жағдайды реттеу мақсатында жиналған 230 миллион долларды АҚШ армиясының дамуына жұмсайды. Бұл туралы америка басшысы Дональд Трамп Twitter-де жазды

668.jpg«Америка Құрама Штаттары Сирияның дамуына арналған жыл сайынғы жөнсіз төлемдерді тоқтатты. Сауд Арабиясы және Таяу Шығыстың басқа бай елдері АҚШ-тың орнына төлей бастайды. Мен АҚШ-ты, бізге көмектесетін армиямыз бен елімізді дамытқым келеді», - деп жазды Трамп.

Бұған дейін Мемлекеттік департамент Сирияны қолдау үшін жиналған қаражатты басқа бағытқа жолдамақ екенін жариялады. Ведомствоның өкілі Хизер Нойерттің айтуынша, Вашингтон аталған елге көмек мақсатында 8,1 миллиард доллар жұмсады.