Елбасы тапсырмасы Түркістанда жоғары қарқынмен жүзеге асуда

Қысқаша

Елбасы жарлығынан соң, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының барша департамент, басқармалар жаңа Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласына көшуді бастап кетті.

26.jpgЕлбасы жарлығынан соң, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының барша департамент, басқармалар жаңа Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласына көшуді бастап кетті. 

Жақында Шымкент қаласында орналасқан аумақтық органдардың бірі - Мемлекеттік кірістер департаменті облыс орталығы Түркістан қаласына алғашқылардың бірі болып көшті. Яғни, Түркістан қаласында бүгін ҚР Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық органдарының өкілдігі ашылды.

Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ә.Тілегенов пен қала әкімі Ә.Өсербаев қатысты.

Салтанатты жиналысты облыс әкімі алғы сөзімен ашып, Елбасы Жарлығымен облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің облыстық органдарының  Түркістан қаласында өкілдіктерінің ашылуы берілген тапсырманы орындаудың алғы шарттары екендігін атап өтті.

Заманауи құрылғылар арқылы көрсетілетін сапалы қызмет - бюджеттің салық түсімін көбейтуге септігін тигізері анық. Мұнда жалпы 48 түрлі қызмет көрсетілсе, оның 40-ы электронды түрде көрсетіледі. Мамандар «Бір терезе» қағидасы арқылы халыққа жылдам әрі сапалы қызмет етпек. Жалпы облыс бойынша бүгінгі күнге дейін аталған мекеме арқылы халыққа 1 млн. 48 мың қызмет көрсетілсе, оның 941-і электронды түрде көрсетілген.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Б.Тортаев, Түркістан облысының құрылуымен құттықтай келе, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің облыстық органдарының өкілділігін жаңа облыс орталығында ашудың негізгі мақсаты -  мемлекеттік органдарды ғимараттармен қамтамасыз ету, орналастыру және көшіп келетін  қызметкерлерге әлеуметтік жағдай жасауды үйлестіру жұмыстарын жүргізу екендігіне тоқталды.