Облыста 500 отбасы баспаналы болады

Қысқаша

Үйі жоқтың – күйі жоқ. Күйсіз адам жұмысты қайбір оңдырады дейсіз? Сондықтан да, кез-келген адам ең бірінші кезекте үйлі болудың амалын қарастыру керек.

18.jpgҮйі жоқтың – күйі жоқ. Күйсіз адам жұмысты қайбір оңдырады дейсіз? Сондықтан да, кез-келген адам ең бірінші кезекте үйлі болудың амалын қарастыру керек. 

Бүгінде Елбасы тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде тұрғын үйлер жаппай салынып жатыр. Бұл үйлер көбінесе әлеуметік жағынан аз қамтылғандар мен жас отбасыларға беріледі. Себебі, жас отбасы – ертеңгі ел болашағы. Оларға жағдай жасаған абзал.

Осыған орай, Түркістан облысында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй қорын құру бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік бюджет есебінен 2449 пәтерлі 73 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл оның 500 пәтері, яғни 35 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. 

Бұдан өзге, тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік коммуникацияларды жайластыру бойынша 2018 жылы облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 9 нысанның құрылысы жүргізілуде. 

Сондай-ақ, Түркістан облысын перспективалық дамыту бойынша Түркістан қаласының бас жоспарын қайта әзірлеу бойынша ағымдағы жылдың 12 шілдесінде халықаралық конкурс жарияланған болатын. 

– Қайта әзірленген бас жоспарға сәйкес, «Тұрғын үй құрылысын дамыту» концепциясы бекітілетін болады. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың идеясы бойынша концепцияда Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту мақсатында салынатын көпқабатты тұрғын үйлер Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен биік болмайды. Өйткені - мавзолей мүмкіндігінше қаланың барлық жағынан көрінуі қажет. Салынатын баспаналар Орта Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынады, - деді Құттыбек Рахматтуллаұлы.