Жазушысын ардақтаған Түркістан

Қысқаша

Елбасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында әлеуметтік-экономикалық жетістікке жету үшін ең бірінші өз елінің руханиятын қастерлеу керектігін айтқан болатын. Ол үшін елдің рухани құндылығын насихаттап жүрген ақын-жазушыларға

453.jpgЕлбасы  «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында әлеуметтік-экономикалық жетістікке жету үшін ең бірінші өз елінің руханиятын қастерлеу керектігін айтқан болатын. Ол үшін елдің рухани құндылығын насихаттап жүрген ақын-жазушыларға жағдай жасаған жөн.

Осыған орай, жақында Ордабасы ауданында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Дулат Исабековтың кітапханасы ашылды. Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков сөз сөйлеп, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың сыйлығын тапсырып, құттықтау хатын оқып берді. 

Өңір басшысының құттықтау хатында: 

- Сіздің шығармаларыңыз – өмірдің өзінен алынған. Айналадағы күнде көріп жүрген құбылыстар өзіндік құнарлы да қарапайым тілімен әлеуметтік деңгейге дейін көтерілген шыншыл туындылар. Ұлтының көкейіндегі ойын айтып, жоғын іздеуден танбайтын, терең ойлары мен қалам қазынасын қатар ұстап,  үнемі сергек  жүретін әйгілі жазушы әдеби орта мен жалпы оқырман  ықыласына бөленген бақытты жазушы деп сеніммен айта аламыз. Шығармашылық  қызметте  үздіксіз  ізденіс пен табандылықты, қайраткерлік пен тәлімгерлікті  қатар ұстанған  Сіз әлемдік өркениеттің өрісіне бет түзеген ұлы көштің алдыңғы қатарында келесіз. Алдағы уақытта да еліміздің өсіп-өркендеуіне қосатын үлесіңіз әлі де еселене түседі деп білемін, делінген. 

Кітапхананың ашылу салтанатында ҚР Жазушылар одағының мүшелері, елімізге танымал ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, заңғар қаламгерді қуанышымен құттықтады. Атап айтсақ, Еркінбек Тұрысов, Бексұлтан Нұржекеев, Мархабат Байғұт, Құлбек Ергөбек, Қасымхан Бегманов, Қазыбек Иса және өзге де қаламгерлер сөз сөйледі. 

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған іс-шараға ел ағалары мен оқырман қауым ризашылығын білдірді. Енді бұл кітапханадан тек Ордабасы ауданының тұрғындары ғана емес, осы ауданға келген қонақтар да рухани қазына алып, танымдарын кеңейтеді. Жиын соңында Дулат Исабеков өзіне құрмет көрсеткен жерлестері мен оқырман қауымға, облыс басшылығына алғысын айтып, қазақ әдебиетіне үлес қоса беретінін жеткізді.