Ауыл жастарын айналасына топтастырды

Қысқаша

Ақпараттың барлығы ғаламтор арқылы қас пен көздің арасында тарайтын кезде, «мынаны естідің бе, мынаны білесің бе?» деп сұрап жатудың өзі адамды ыңғайсыз күйде қалдыратын заманда өмір сүріп жатырмыз. Сол кезде ең басты нәрсе – алған ақпаратыңыз сізді қай ә

238.jpgАқпараттың барлығы ғаламтор арқылы қас пен көздің арасында тарайтын кезде, «мынаны естідің бе, мынаны білесің бе?» деп сұрап жатудың өзі адамды ыңғайсыз күйде қалдыратын заманда өмір сүріп жатырмыз. Сол кезде ең басты нәрсе – алған ақпаратыңыз сізді қай әлемге жетелеп кететінінде болып тұр. Теріс пиғылды ағымдар ғаламторды өте тиімді пайдаланады. Ал біз соларға қарсы тиімді қорған қоя білдік па?

Тоғызыншы тамыз күні Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округі ауруханасының қызметкерлерімен "Теріс діни бағыттағы топтардан сақтану жолдары" атты тақырыбы төңірегінде жан-жақты әңгіме қозғалды. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекмесінің аудандығы қызметкері Қуаныш Қосмаханов дінге қатысты қарапайым адамға ұғынықты тілмен қалыптасқан жағдайларды түсіндіріп берді. Теріс ағымның жетегінде кетіп, енді опық жеп жүргендер туралы айтып берді. Сол себепті де ата-аналардың енді ер жетіп келе жатқан, түсінігі енді қалыптаса бастаған балаларын мейлінше жіті қарап жүргені дұрыс екенін түсіндірді.

Ауылда айналасына белсенді азаматтарды топтастырған адамдар мысалға келтірілді. Солардан үлгі алуға шақырды.